Жолда алып жүруге ыңғайлы хош иісті массаж майшамы
Бренд: SOWA
Жеңіл, бірақ берік, бұл шамды саяхатта өзіңізбен бірге алып жүруге болады. Массаж майшамы SPA процедуралары үшін өте қолайлы. Майшам рақаттандыратын атмосфера мен жайлылық тудырады, еріген балауыз нәрлендіретін майлы дене күтімі және ароматерапия сеансы ретінде қолданылады. Құрамындағы ши майы мен тәтті бадам майларының арқасында өнім теріні жұмсартатын, қалпына келтіретін әсерге ие, ал хош иісті майлардың нәзік композициясы психоэмоционалды күйге жағымды әсер етеді.
Құрамы: Табиғи өсімдік балауызы, ши майы, тәтті бадам майы, Е дәрумені, хош иісті майлар.
Өндіруші: «NFC Eurasia» ЖШС. Тауарды сатып алу мәселелері бойынша, сондай-ақ сапа бойынша шағымдарды «NFC Eurasia» ЖШС қабылдайды: ҚР, Алматы қ., Иванилов к-сі, 63 Е/1-үй, тел. +7 727 311 00 42, sales@sowacandles.kz